Жақында Адина Манатбекова 35 секундта 18 парақтағы мәтінді оқып шығып және оны есіне сақтай білді. Ал 2016 жылы ол 1 минутта 94 мың сөзді оқып шыққан және сол оқығанын есте сақтау қабілеті 90 пайызды құраған. Жуырда ол Ресей телеарнасы арқылы өзінің осы ерекше қабілетімен бүкіл орыс жұртшылығын таңғалдырды. «Ресей-1» телеарнасындағы «Таңғаларлық адамдар» атты шоу-бағдарламаның әділқазыларын тәнті еткен Адина жылдам оқудан еуразиялық орталықтың бітірушісі. Ең қызығы, ол кітапты оқыған кезде мәтін жазылған кітап парақтарын бірінен кейін жай ақтарып жатқан сияқты көрінеді. Ал шын мәнінде, Адина осы сәтте әлгі беттердегі ертегі болсын, әңгіме болсын өзінің санасына жазып алып отырады. Бұл, сірә, адам мүмкіндігі шексіз дегенді тағы бір еске салып тұрғандай. Сол мүмкіндікті, әсіресе балдырғандарымыз бен жасөспірімдеріміз қалт жіберіп алмаса екен.
Көсемәлі Сәттібайұлы
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




