«Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінде Silver Screen Award жүлдесіне ие болды
- author «Ақ жол»
- 22 қазан, 2018
- 564
Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген.
Айта кетсек, фестивальдің алғашқы кезеңінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдің бірнеше фильмдері ұсынылған болатын.
Бұл кезеңде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды – үш толықметражды және үш қысқаметражды фильмдер қарастырылған. «Әміре» картинасымен қатар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм бақ сынады, олар: толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» фильмі және Елжас Рақымбековтың «Эль Фриман» картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтың «Асан» фильмі қатысты.
Бірінші кезеңнің жеңімпазы, Silver Screen Award жүлдесінің иегері «Әміре» фильмі енді Франция, Германия, Чили, Жапония мен Швеция сынды басқа да 16 мемлекеттен қатысатын фильмдермен бірге фестивальдің басты жүлдесі үшін күреске түседі. Бұл фестивальде фильмді режиссер Джефф Веспа таныстыратын болады.
Жаңа таланттарды ашатын және тәуелсіз киноны насихаттайтын Голливудтык кинофестиваль 1997 жылдан бастап өткізіліп келеді. «Үлкен оқиғалар әлемді өзгертетінін және әлеміміз өзгерістерді күтетінін білеміз. Сонымен қатар, Голливуд – әлемдік мәдениетті жырлайтын тәуелсіз кино суреткерлер қатары жиналатын тиімді әрі беделді орта»,- дейді Hollywood Film Festival кинофестивалінің ұйымдастырушылары.
Сондай-ақ, «Әміре» картинасы Нью-Йоркте қазанның 10 мен 14 аралығында өткен «Вудсток» Халықаралық кинофестиваліне қатысты. Фильмді көрерменге басты рөлде ойнайтын актер Санжар Мәди ұсынды. Актердің айтуынша, «Әміре» фильміне америкалық көрермен тарапынан үлкен қызығушылық туындап, билеттер түгел алдын-ала сатылып кеткен және зал көрерменге толы болған.
«Картинаны көрсеттік, халықаралық деңгейге шығардық. Фильм көрерменнің көңілінен шықты», - деді Вудстоктік кинофестиваль туралы Санжар Мәди.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




