Әлішер әуелеткен ән оны 10-орынға тұрақтатты

Әлішер әуелеткен ән оны 10-орынға тұрақтатты
ашық дереккөз
Әлішер әуелеткен ән оны 10-орынға тұрақтатты
Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан «Жаңа толқын – 2014» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысқан әнші Әлішер Кәрімов сайыстың жалпы қорытындысы бойынша 10-орынға табан тіреді. Естеріңізде болса, сайыстың алғашқы күндері жерлесіміз үшін жеңістің ауылы жақын қалған. Алғашқы «Әлемдік хит» санатында да, екінші күнгі танымал әншілермен бірге ән шырқаған күні де Әлішердің жұлдызы жанып, бестіктің қатарына іліккен болатын. Үшінші күнгі «Премьералар күні» сайысында ол көпшіліктің назарына «Әрине» атты әнін қазақ және орыс тілінде ұсынды. Бірақ, әп-әдемі ән еуропалық көзқарастағы қазыларға неге екені белгісіз жақпай қалып, бар болғаны Әлішерге 67 ұпай ғана алып берді. Сөйтіп, үш күннің қорытындысы бойынша Әлішер 210 ұпай жинап, оныншы орынға жылжыды. Екі күн бойы тамаша өнер көрсеткен әншіге «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша жүлденің бұйыруы мүмкін екен. Оған көрермендер тарапынан ұялы телефондары арқылы «NW106» сөзін 1212 нөміріне жолдап, қолдау білдіргені аздық етіпті. Әлішердің бұл аталымға ие болуына мыңға жуық дауыс жетпей қалған. Бірақ Тараз қаласының ән өнерінен хабары мол тұрғындары Әлішер орындаған «Әрине» әнін өте жоғары бағалап отыр. Тауың шағылмасын, Әлішер!

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар