Жаңалықтар
Талғат Шайкенов Жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды
- author «Ақ жол»
- 19 қазан, 2018
- 656
Талғат Шайкенов Жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды
Астана, BAQ.KZ. Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында бокс жарысы аяқталды. Қазақстан атынан шаршы алаңға шыққан Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды, деп жазады Olympic.kz.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Талғат Шайкен финалда ресейлік Илья Поповпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек барысында біздің спортшының басымдығы айқын білінгенімен, төрешілер жеңісті Поповқа берді.
Есеп - 4:1.
"Қазақ елінің үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын! Финалда ұтылдым. Төрешілер осымен үшінші рет жеңісімді тартып алды. Бұл боксшыны үш рет жеңсем де, жеңісті бермеді. Өте өкінішті", - деді Талғат финалдан соң.Осы Олимпиадаға аттанған үш қазақ боксшысы да жүлдеге ілікті. Айбек Оралбай Олимпиада чемпионы атанса, Талғат Шайкен мен Дамир Тойбайдың еншісінде күміс медаль бар.
baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




