Жаңалықтар
Лондонда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді
- author «Ақ жол»
- 19 қазан, 2018
- 642
Лондонда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді
19 қарашада Лондонда бүкіл әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, "DQ" бірегей шоуы Ұлыбританиядағы Қазақстанның Мәдениет күндері аясында болады. Концерт ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылып, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі қолдауымен өтеді. Сатылған билеттерден түскен барлық қаражат Қазақстанның дарынды жастарын халықаралық беделді байқаулар мен концерттерге қатыстыруға қолдау көрсету үшін жұмсалады. Жас дарындыларды қолдау бағдарламасын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2008 жылдан бері жүргізіп келеді және 10 жыл ішінде шығармашылықтың әртүрлі саласының 1000-нан аса жас дарындылары - суретшілер, сәнгерлер, дизайнерлер, әншілер, музыканттар қолдауға ие болды.
tengrinews.kz
tengrinews.kz Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




