Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бродкастинг залында «Полиглоттар» клубының отырысы өтті. Көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға полиглот жастар, оқытушылар, жоғары оқу орындары және колледждердің студенттері, мектеп оқушылары қатысты. Шараны облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова ашып, көп тіл білгеннің көкжиегі кең екеніне тоқталды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Ә.Ыбырайым жастардың ана тілін және өзге тілдерді білуі болашаққа жасалған жарқын қадам екенін айтты. Жиын барысында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау мәселелері кеңінен сөз болды. Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар коллеждінің оқытушысы А.Сабуханова «English debate» шеберлік сабағын өткізіп, «Полиглоттар» клубының президенті Ә.Қуарбеков қатысушылардың белсенділігімен үш тілде интерактивті ойындар ұйымдастырды. Бұл шараның өтуіне «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Мұратбаевтың үлесі мол болғанын айта кеткен жөн. Соңынан «Полиглоттар» клубының жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі өтті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді