Жаңалықтар
Қазақстан футболшылары Андорра құрамасын ірі есеппен жеңді
- author «Ақ жол»
- 17 қазан, 2018
- 598
Қазақстан футболшылары Андорра құрамасын ірі есеппен жеңді
Футболдан Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі төртінші ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Андорраны 4:0 есебімен ойсырата ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойындағы алғашқы голды 23 минутта Еркебұлан Сейдахмет соқты. Ресейдің "Уфа" клубында ойнайтын футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, шеберлігін танытты. 39 минутта Еркебұлан нәтижелі пас беріп, Бауыржан Тұрысбек есепті еселеді. Қостанайдың "Тобыл" клубында ойнайтын футболшы да негізгі құрамда алаңға шыққан болатын.
Станимир Стойлов жаттықтыратын ұлттық құрама үшін бұл жеңістің маңызы жоғары болды. Екінші таймда да екі гол соғып, қазақ жанкүйерлерін қуантты. 61 минутта Бауыржан Исламханның әуелете асырған добын Андорра қақпашысы сәтсіз қайтарып, өз қақпасына допты енгізіп алды. Бар-жоғы бірер минут ішінде екі сары қағаз алған Алаез қызыл қағаз алып, Андорра құрамасы 10 ойыншымен қалды. 70 минутта алаңға шыққан Роман Мұртазаев араға 4 минут сала есепті 4:0-ге жеткізді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете берген добын баспен қақпа торында тулатты. "D" тобында төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен 2-орынға көтерілді. Көш басындағы Грузия құрамасының ұпайы түгел. Бүгін түнде грузиндер Латвиямен кездеседі.
tengrinews.kz
tengrinews.kz Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




