«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тұрғын үй құрылысы толастамайды

Тұрғын үй құрылысы толастамайды
ашық дереккөз
Тұрғын үй құрылысы толастамайды

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Тараз қаласы бойынша тұрғын үй құрылысының 2020 жылға дейінгі жоспары әзірленген болатын. Осыған сәйкес, биылғы жылы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 6 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (барлығы 430 пәтер) және «Арай» алқабындағы 14 гектар жер телімінде екі 65 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы шілде айында жарияланатын болады. Бірінші – кезекте тұрған отбасыларын баспанамен қамтуға баса мән берілуде.

17

Нұржан Календеров, Тараз қаласының әкімі.

Бұл мақсатқа биыл облыстық бюджеттен бір тұрғын үйдің құрылысына 109 миллион 789 мың теңге бөлініп, 71 миллион 72 мың теңгесі игерілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың жоспары бойынша 10,2 мың шаршы метрді құрайтын жас отбасыларға берілетін 3 тұрғын үйдің құрылысына 1 миллиард 160 миллион теңге қаралып, 570 миллион теңгесі игерілді. Несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкі» АҚ арқылы республикалық бюджеттен 573 миллион 488 мың теңге бөлініп, оның 162 миллион 97 мың теңгесі игерілді. Осы қаржы есебінен құрылысы жүргізіліп отырған «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы №17 жер теліміндегі 65 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын мердігер «Агроспецстрой» ЖШС жүргізуде. «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы №9 жер теліміндегі 65 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын «Комстроймонтаж» ЖШС жүргізуде, тапсыру мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы. Жалпы биыл Тараз қаласы бойынша 25,5 мың шаршыметрді құрайтын тұрғын үй алаңын тапсыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, қазіргі таңда екі 75 пәтерлі жалға берілетін және екі 75 пәтерлі жас отбасыларға арналған тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамасымен әзірленген. «Арай» тұрғын алқабындағы (4 тұрғын үйдің), екі 65 пәтерлік ипотекалық және екі 75 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға өткізуге жіберілді. Алайда, мемлекеттік сараптама тарапынан қойылып отырған жаңа талаптарға сай, тұрғын үй құрылысы барысында қолданылатын барлық құрылыс материалдарына оны өндіруші зауытпен бекітілген баға ұсыныстарын және баламалы тауар өндіруші зауыттың бағасын сұратуда. Бұл талаптарды орындау үшін көп уақыт жұмсалатыны белгілі. Нәтижесінде, келер жылдың республикалық бюджет жоспарына енбей қалу қаупі бар. Бүгінгі күнге бұдан өзге тағы да осындай төрт үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Егер жоғарыда аталған кедергілер болмаса, жыл соңына дейін бұл жобалар да сараптамадан өткізілетін болады. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, «Арай» тұрғын алқабындағы 14 гектар жер телімін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Қазіргі таңда жылу, ауызсу мен кәріз су, табиғи газ желілерін жүргізу жұмыстарына республикалық бюджет есебінен бөлінген 400 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Ал, магистралды ішкі кварталдық инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, республикалық бюджеттен 2015 жылы 192 миллион теңге бөлуге өтінім берілді. Қаланың Бас жоспарына сәйкес «Автобекет» аумағындағы жоспарланған 14 мөлтек ауданның егжей-тегжейлі жоспары дайындалып, 90 миллион теңгеге инженерлік инфрақұрылыммен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Алайда, бұл жұмыстарды іске асыру үшін, бірінші кезекте 21 шаруа қожалықтарының меншігіндегі 43 гектар жер телімдерін мемлекеттік мұқтаж үшін сатып алуымыз қажет. Оған шамамен 100 миллион теңге қаржы керек. Тараз қаласы бойынша өткен жылдың соңында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 52561 адамды құраса, «Құмшағал» алқабынан берілген 1232 жер телімдерінің есебінен, кезекте тұрған азаматтардың саны қазіргі таңда – 51329 адамды құрап отыр. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді.

Ұқсас жаңалықтар