«Жаңа-Ру» жастар коалициясы дербес бірлестік ретінде өз жұмысын 2011 жылы 11 қарашада бастады. Ұйым Жамбыл облысы пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, Тараз студенттер альянсы, Жамбыл облысы ауыл жастары одағының бірігуі нәтижесінде, танымал жастар көшбасшысы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожаның бастамасымен құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді насихаттап, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, оның ішінде ауыл жастарының мәселелерін көтеру, қоғамдық шараларға белсене қатысу, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бірлестік жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, отбасы құндылықтарын насихаттап, жас отбасылардың ажырасу мәселелерін алдын алу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Жаңа-Ру» жастар коалициясы 2013 жылдан бастап түрлі әлеуметтік жобалармен айналысуда. Атап өтетін болсақ, Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасын, жыл сайынғы Жолдауларын халыққа насихаттап, облыс тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, нашақорлықтың белең алуын болдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды. Осы уақыт аралығында облыс көлемінде дін мәселесі бойынша түрлі басқармаларға, бөлімдерге, атқарушы органдарға ұсыныстар берген. Әлеуметтік жобалар шеңберінде тұрғындар арасынан жиналған ұсыныс-пікірлерді облыстық деңгейде көтеріп, білім басқармасына, дін істері басқармасына жеткізуде. Жоғары оқу орындарында, мектептерде дінтану пәнінен білім беретін ұстаздарға оқыту курстары жүргізіліп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары бойынша ақпараттар тарату жүзеге асырылды. Сондай-ақ терроризмнің жастар арасында алдын алуға байланысты жұмыстарды күшейтіп, оның ішінде ұйымдаспаған жастар арасында насихат жұмыстарын көбірек жүргізіп, осыған қатысты мәселелерді шешуге ықпал етті. Бірлестіктің алға қойған мақсаты осы бағытта қоғамдағы өзекті мәселелерді, түйткілді жағдайларды шешу болып отыр. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, ұйымдаспаған жастар арасында қылмысқа бейім жасөспірімдердің, теріс-радикалды діни ұйымдардың ықпалынан зардап шеккен жандарға психологиялық көмек беру ұйым мүшелерінің алға қойған үлкен жоспары болып табылады. «Жаңа-Рудың» ауыз толтырып айтарлық жетістіктерінің бірі – соңғы үш жыл қатарынан дін мәселелеріне байланысты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Бұл мазмұнды шараға студенттер мен магистранттар, докторанттар қатысып, оның алдын алу жолдары жөнінде тәжірибе алмасу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Аталған ғылыми конференция алдағы уақытта да жалғасын табатынына сеніміміз зор. Құрылған сәтінен бастап нәтижелі жұмыстар атқарып келе жатқан «Жаңа-Ру» жастар коалициясы облысымыздағы ірі мәселелердің шешілу жолында үлкен қозғаушы күш болып қала береді. Бірлестік осы бағыттан таймай, ел мүддесі жолында табанды қызмет ете беретін болады.
Азамат ЛЕСБЕК, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар берлестігінің президенті.
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір азамат мемлекеттің қамқорлығын сезінуде
- 5 қараша, 2024
Балаға керегі – аялы алақан
- 5 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді