Жаңалықтар
50 Cent Хабиб Нурмагомедовпен келісімшарт жасасу үшін Дағыстанға ұшып келеді
- author «Ақ жол»
- 15 қазан, 2018
- 613
50 Cent Хабиб Нурмагомедовпен келісімшарт жасасу үшін Дағыстанға ұшып келеді
Америкалық рэп-орындаушы 50 Cent ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен Дағыстанда кездесетіні туралы хабарлады, әңгіме Bellator ұйымына ауысу туралы болады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін 50 Cent Нурмагомедовке UFC-ден Bellator ұйымына ауысу үшін екі миллион доллар ұсынды. Бұл ұсынысқа жауап ретінде Нурмагомедов оны Дағыстанға шақырды. "Мен Нурмагомедовтің ұсынысын қабылдадым және телесериалдың жұмыстары біте сала онымен, оның командасымен Дағыстанда кездеспекшімін", - деп жазды 50 Cent Instagram парақшасында.
Кейін ол былай жазды: "Хабиб - жанасқан спорт түрлерінің жаңа тұлғасы, ол - нағыз керектің өзі, мен келісім жасасамын". Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста Нурмагомедов МакГрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




