Kuz Open-2018: Алматыда грэпплинг спортшылары 10 мың долларды сарапқа салды
- author «Ақ жол»
- 15 қазан, 2018
- 503
Бұл сайыстар ABB аренасында, AIGA халықаралық әуесқойлар лигасы қауымдастығының ережелеріне сәйкес екі дәреже бойынша «Beginner», «Intermediate», сондай-ақ кәсіпқойлар арасында ADCC ережесі бойынша өткізілді.
«Бұл турнирдің басты мақсаты мықты спортшыларды анықтап, оларға үлкен жарыстарға дайындалуға мүмкіндік беру болып табылады. Алда, желтоқсан айында біз екі жылда бір болатын Азия және Океания чемпионатың өткіземіз. Ол жарыста 2019 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында өтетін әлем чемпионатына жолдама ойнатылатын болады. AIGA қазір әуесқойлар арасында грэпплинг спортын әлем бойынша қарқынды түрде дамытуда. Бұл тұжырым былтыр желтоқсан айында құрылып, биыл Қазақстан чемпионаты мен кубогын өткізіп үлгерді. Қазір бізде осы спорт бойынша сол АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына AIGA тұжырымында өнер көрсететін ұлттық құрама құрылып жатыр», - дейді ҚР бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров.
Қызықты әрі тартысты жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 10 мың долларды құрады.
Турнирдің абсолюттық чемпионы болып алматылық Азамат Бақытов атанды. Ол финалдық кездесуде Шыңғыс Қыдырмановтан басым түсті. Осы жеңісі үшін ол 500 доллармен мараппаталды.
«Грэпплингпен үшінші жыл айналысқаныма.Қазақстан және Азия чемпионаттрын ұтқанмын, енді міне осы жарыста жеңіске жеттім. Қарсыластарым қиын болды, оларды мен көптен бері білетінмін. Жеңісіме өте қуаныштымын, ұйымдастырушыларға раxмет», - деп өз ойымен Азамат Бақытов бөлісті.
Турнирдің барлық нәтижелерімен www.arlangrip.kz сайтынан тамашалай аласыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




