Глеб Брусенский Аргентинадағы Олимпиаданың топтық жарысында бірінші келді
- author «Ақ жол»
- 15 қазан, 2018
- 557
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық велошабандоз Глеб Брусенский Аргентинада өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында топтық жарыста бірінші келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жарыс қиын болды. Барлығы шабуылдауға тырысты. Біз бар күшімізді жұмсап, алға суырылып шыққысы келгендерді тоқтатуға ұмтылдық. Жарыстың соңына қарай Люксембург және Польша спортшыларымен алға шықтық. Бірақ польшалық тез шаршап қалып, Люксембург шабандозымен жақсы жұмыс істеп, топтап ұзап кеттік. Мәреде мен оған қарағанда жылдам болдым», - деді Глеб Брусенский.
Евгений Федоров жарыс туралы ойын білдірді.
«Алдымен мен алға суырылып шықтым. Одан кейін командаласым Глеб Брусенский сондай әрекет жасады. Ал мен болсам, топтың жылдамдығын бәсеңдетуге. Ол бірінші болып мәреге жетсе, мен шамамен алтыншы-жетінші болдым», - деді Евгений Федоров.
Велошабандоздар әлі үш күн жарысады. Солардың қорытындысы бойынша жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




