Жамбыл полицейлері есірткіні жарнамалайтын граффити-жазбаларды өшірді
- author «Ақ жол»
- 15 қазан, 2018
- 550
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл полицейлері синтетикалық есірткі сататын веб-сайттарды анықтады. Сондай-ақ, олар Тараз қаласы тұрғындарымен бірге есірткіні жарнамалайтын жазбаларды өшіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараз қаласы ғимараттары мен тұрғын үйлерінің қабырғасында түрлі код сөздер мен есірткі сататын адамдардың байланыс нөмірлері жазылған. Іс-шара нәтижесінде осы тақылеттес жүзден астам жазба жойылды.
Одан бөлек, Жамбыл облыстық ІІД ЕБК басқармасының қызметкерлері ғаламторда мониторинг жүргізіп, Телеграм қосымшасы және басқа да түрлі әлеуметтік желілер арқылы осындай хабарландырулар таратқан веб-сайттарды анықтады. Қазіргі таңда ол сайттарға кіруге шектеу қойылған. Аталған интернет-ресурстардың жұмысын жүргізіп отырған адамдарды шұғыл іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Мұндай заңсыз іс-әрекет есірткі құралдарын жарнамалау және насихаттау болып саналады. Ол үшін ҚР ӘҚтК 423-бабы бойынша 150 АЕК-тен бастап 700 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Ал білім беру мекемелерінде есірткі сатқан адамдарды өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі ауыр жаза күтіп тұр.
Фото: vnnews.ruҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




