Байқоңырдағы зымыран бөлшегі құлаған жердің радиоактивті жағдайы нормаға сай
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2018
- 617
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союз ФГ-10» ғарыш кемесінің бөлшегі құлаған жердің радиоактивті және химиялық жағдайы нормаға сай. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомство мәліметінше, Төтенше жағдайлар комитеті күштері тексерісінің нәтижесінде Жезқазған қаласынан 40 шақырым жерден негізгі ағызғышының жарма бөлшектері табылған.
«Оны Роскосмос» мамандары алып кетті. Бөлшек құлаған жерде радиоактивті және химиялық ахуал нормаға сай. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖК хабарламасында.
Айта кетейік, кеше 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлаған еді.
Осы күні түс ауа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ғарышкерлердің дін-аман табылғанын, екінші сатысы Жезқазғаннан 30-35 шақырым жерге құлауы мүмкін екенін айтқан еді.
Сонымен қатар ол Ғарыш кемесі апатын Қазақстан мен Ресейдің үкіметаралық комиссиясы тексеретіндігін атап өтті.
Фото: TASS
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




