Нәрестені «тауарға» айналдырған қызметкер
Жамбыл аудандық білім бөлімі қызметкерінің алты айлық баланы сатқаны белгілі болды. Шулы оқиға Жамбыл аудандық ауруханасында баланы асырап алған отбасының оны қайтып өткізуі кезінде әшкереленді. Өткен жылдың желтоқсан айында бала асырап алғысы келген отбасын таныстары аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісімен таныстырыпты. Ол қандай құжаттар жинау керектігі және бала асырап алу туралы кезекке тұру жөнінде кеңес берген. Көп уақыт өтпей, бір балаға зар болып жүрген жандарға өздеріне лайықты бір сәбидің табылғандығын айтып, бірақ мәселені тезірек шешу үшін 250 мың теңге сыйақы дәметкен. «Мұндай қаржымыз жоқ» деген бала асырап алушылар 170 мың теңгемен шаруаны шешкен. Алайда, біраз уақыт өткен соң, өсіп келе жатқан баланың өздерінен қатты ерекшеленетінін, тіпті өзге ұлт өкілі болғандығын біліп, оны өз баламыз деп айта алмайтындықтарын ұққан. Аудандық прокуратура жүргізген тексеру барысында, баланың анасының тірі екендігі және ата-ана құқығынан айырылмағандығы анықталды. Ал нәресте бала асырап алушыларға заңсыз берілген. Қазіргі уақытта баланы тірі тауарға айналдырған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




