Елбасы вице-премьер Асқар Жұмағалиевті қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. Үкімет басшысының орынбасары Президентке Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




