Тараз Қазақстан fashion-индустриясының орталығына айналды
- author «Ақ жол»
- 9 қазан, 2018
- 666
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «ASPARA Fashion Week» халықаралық сән апталығы Таразда өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, халықаралық іс-шараны тараздық дизайнер, «Аспара» модельдік бизнесі колледжінің директоры Айдархан Қалиев ұйымдастыруда.
Сән қойылымының бірінші күнінде Қазақстан, Италия, Франция, Өзбекстан дизайнерлері өз жұмыстарын көрсетті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова арнайы келіп қатысты.
«Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани Жаңғыру» жобасына бастамашылық ете отырып, біздің салт-дәстүріміздің, ұлттық әдет-ғұрпымыздың, тіліміздің, әдебиетіміздің әрдайым бізбен бірге қалу керектігін атап өтті. Бүгін осы залда әлемге әйгілі дизайнерлер отыр. Таразға қош келдіңіздер», - деді Г.Әбдіқалықова.
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараздағы халықаралық сән апталығына келген қатысушылар мен қонақтарды осындай ауқымды іс-шарамен құттықтады. 
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




