Жолдаудың қазан айында жариялануының өзіндік мәні бар - Санат Көшкінбаев
- author «Ақ жол»
- 8 қазан, 2018
- 627
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолдаудың қазан айында жариялануының өзіндік маңызы бар. Себебі, қараша айында келесі жылдың бюджеті қаттала бастайтындықтан, Үкімет те нақты қай салаға қандай қаражат жұмсау керектігін білетін болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы туралы мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саясаттану ғылымының докторы Санат Көшкінбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Санат Көшкінбаевтың айтуына қарағанда, Жолдаудағы мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қанша қаражат (1,5 триллион теңге) жұмсалатыны нақты айқындалған.
«Бір айта кетерлігі, неліктен Жолдауда нақты қазан айында осы мәселе көтеріліп отыр. Себебі, өздеріңіз білетіндей, қараша айында келесі жылдың бюджеті қаттала бастайды. Яғни, бюджетті сала-салаға бөлген кезде Парламент те, Үкімет те қанша қаражатты қай бағытқа жұмсайтынын анық білетін болады. Міне, сондықтан Жолдаудың уақыты да тегіннен тегін таңдалып отырған жоқ», - дейді ол.
Сарапшы, сонымен қатар, биылғы Жолдау «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасымен етене байланысып, қаржылық есеп жіті есептеліп отырғанын тілге тиек етті.
«Үкіметке нақты қандай тапсырмалардың берілгені тайға таңба басқандай бекітілді. Бұрын Жолдауды Мемлекет басшысы Парламент қабырғасында жолдаса, биыл Ақордада өтті. Ол жерде ел билігіндегі барлық азаматтар болды. Демек, мемлекеттік аппараттардың барлығының алдына нақты міндеттер қойылды. Ең бастысы - талап бар. Азаматтардың жағдайын жақсарту тапсырмасы қалай орындалады? Меніңше, Жолдауда көрсетілген міндеттер нақты орындалса, 2019 жылы нәтиже бірден көрінеді», - деді Санат Көшкінбаев.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




