Ел бюджеті 278 млн теңгемен толықты
Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудан ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 278 млн теңгеден жоғары соммаға толықтырылды.
Ағымдағы жылы алғаш рет әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу 56,7 пайызға жетіп отыр, ал өткен жылдары ол 40-45 пайызға дейін ауытқып тұрған болатын.
Бүгінгі күні барлық салынған 47 млрд теңге айыппұлдың 26,7 млрд теңгеден астамы өндіріп алынған.
Бұл ретте, ағымдағы жылдың көрсеткіштері салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша өткен жылдың деректерінен 7 млрд астам теңгеден және өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар бойынша 10 млрд теңге көп.
Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың елеулі өсуі Ақтөбе (11,5-тен 84,7%), Атырау (32-ден 77,2%), Маңғыстау (13,6-дан 70,3%) облыстарында анықталады.
Аталған жұмыстың тиімділігіне көбінесе прокуратура органдарының әкімшілік полиция органдарымен және Сот актілерін орындау жөніндегі облыстық департаменттердің бірігіп жүргізген акциялары мен рейдтары септігін тигізген.
Осындай барлық бірлескен шаралардың қорытындысы бойынша ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 278 млн теңгеден жоғары соммаға толықтырылды.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




