Токиода балық сататын әлемдегі ең ірі базар жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасында теңіз өнімдері мен балық сататын әлемдегі ең ірі базарды жапты, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. Аты аңызға айналған базар 83 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан еді.
Бұл орын қыркүйектің аяғында туристер үшін жабық болса, 7 қазан күні мұнда жергілікті тұрғындарға соңғы рет сауда жасалды.
Айта кетерлігі, Цукидзидегі соңғы сауда-саттық 160 келілік тунец балығының 4,38 миллион иенге ( 38 мың доллар шамасында) сатылуымен тарихта қалмақ.
Дегенмен «Цукидзи» жоғалып кетпейді, тек жаңа орынға ауысады. Базар бейсенбі, 11 қыркүйекте Тоёсу жасанды аралында ашылатын болады.
Жапония мен Токио символдарының біріне айналған Цукидзиге және оны қоршаған мейрамханаларға күн сайын мыңдаған туристер келуші еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




