Жаңалықтар
УЕФА ЧЛ: Қазақстандық клубтар негізгі кезеңнің ойындарын аяқтады
- author «Ақ жол»
- 8 қазан, 2018
- 497
УЕФА ЧЛ: Қазақстандық клубтар негізгі кезеңнің ойындарын аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан қазақстандық клубтар УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қорытынды матчтарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап. Атап айтқанда, «Қайрат» Беларусьтің «Лидін» ойсырата жеңіп, өз тобында үшінші жеңіске қол жеткізді. Алматылықтар қарсыластардың қақпасына жауапсыз алты доп салды. Гол авторлары: Тайнан, Ранжел Тайан, Джон, Есенаманов және қос доп салған Эдсон. Матч 6 қазан күні Приштина қаласындағы Жастар сарайында өтті.
Элиталы кезеңнің ойындары 13-18 қараша күндері аралығында өтеді.
Ал «Ақтөбе» клубы шешуші матчта жеңіліс тапты. Хорватиялық «Ново Вриеме» клубымен өткен ойын қарсыластардың пайдасына 3:4 есебімен аяқталды. Ақтөбеліктердің сапында гол соққандар: Қайрат Иманалин және Евгений Серый (дубль).
Осылайша, 6-топта үш ойында жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болған «Ново Вреиме» футзалдан УЕФА-ның Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жолдама алды.
Ойын 7 қазан күні Макарска қаласындағы «Градски Спортски центр» кешенінде өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




