Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе облысында тариф орынсыз өспейтін болады
- author «Ақ жол»
- 8 қазан, 2018
- 570
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында келесі жылдан бастап орынсыз тариф өсімі болмайды, деп мәлімдеді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдардың басшыларына тарифтердің неліктен орынсыз өсіп жатқанына талдау жасауды тапсырды.
«Келесі жылдан бастап тарифтердің орынсыз өсімі болмайды. Инвесторлар тарифтерді көтермеулері тиіс. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы ПИК жұмыстарын қайта қарау қажет. Олар тарифтерді қаншаға көтергенін есептеу керек. Үйлерді қамтамасыз етуге, ПИК штатына қанша қаражат қажет?» - деді әкім.
Сондай-ақ, Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған негізгі ережелер туралы айтты.
38 мың ақтөбеліктің, соның ішінде бюджет саласында жұмыс істейтін 19 мың қызметкердің жалақысы 28 мыңнан 41 мың теңгеге дейін өсірілмек. Осыған байланысты әкім басқармалардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына келесі жылы ең төменгі жалақыны өсіру үшін қор жинақтауды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




