Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек
- author «Ақ жол»
- 5 қазан, 2018
- 558
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыстағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келгендегі мақсатымыз - алдымен, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының жағдайын көзбен көріп, танысу. Екіншіден, дәрігерлерге, халыққа арналған Үкімет тарапынан құрылып жатырған жоспарларды жүзеге асыру. Барлық өңірде медициналық қызмет сапасы алдымен стандартқа сай болу керек. Жедел-жағдайда арнайы құрал-жабдықтар мен мамандардың дайындығы басты рөл атқарады. Облыстық, жергілікті әкімшіліктер, құзыретті органдар өңірдегі медициналық нысандардағы барлық талаптарды стандарттауға уәде берді. Жұмыс нәтижелі болады деп сенемін»,-дейді министр.
Айта кету керек, 4-5 қазан аралығында Атырау облысында «Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру» атты өңіраралық конференциясы өтуде. Шара аясында өңірлердің көрмесі: инфрақұрылым, оның ішінде МЖӘ жобалары, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру (Startup), медициналық көмекті ұйымдастыру (Триаж жүйесі), медициналық білім беруді жаңғырту тақырыптары талқылануда. 
Аталмыш конференция Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласына жаңа бағыттар енгізуге және заманауи денсаулық сақтауды дамытуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




