Жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев: Мемлекет ешкімге тегін баспана бермейді
- author «Ақ жол»
- 5 қазан, 2018
- 218
Нұрсұлтан Назарбаев: Мемлекет ешкімге тегін баспана бермейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет ешкімге де тегін баспана бермейді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Барлықтарыңыздың алдында, бүкіл елге тағы да айтамын: қазір бізде басқа әлем, нарықтық экономика, мемлекет ешкімге де тегін баспана бермейді», - деді Елбасы
Осы орайда Қазақстан Президенті баспана алушыларға несиемен, жеңілдіктермен көмектесуге болатындығын баса айтты.
«Еш жерде тегін пәтерге деген қандай да бір кезек болмауы тиіс», - деп ескертті Мемлекет басшысы.
Елбасының айтуынша, мемлекеттік шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді