Жаңалықтар
Парадан бас тартқан маңғыстаулық мемқызметші сыйақы алды
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2018
- 673
Парадан бас тартқан маңғыстаулық мемқызметші сыйақы алды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында парадан бас тартқан мемлекеттік қызметшіге 100 мың теңгеге жуық көлемде сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының жетекші маманы П. Қылышбай 5 мың теңге пара алудан бас тартқан. Әрі деректі ведомствоның Ішкі қауіпсіздік басқармасына уақытында хабарлаған. Осы әрекеті үшін оған ақшалай ынталандыру сыйақасы белгіленді.
«П.Қылышбай 40 АЕК (96 200 теңге) мөлшерінде бір жолғы ақшалай сыйақымен марапатталды. Бұл ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды ынталандыру қағидаларына сәйкес жасалған», - делінген хабарламада.
Пара ұсынған адамға «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы» кодекстің 367-бабы 1-бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




