Қазақстан мен Өзбекстан «Жібек жолы» визасын қолданысқа енгізеді
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2018
- 624
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан жақын арада «Жібек жолы» визасын қолданысқа енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24. Көрмеге келушілер қолөнер шеберлерінің бұйымдарын көріп, «Шығыс базарынан» базарлық алып тарқасты. Сондай-ақ жәрмеңке аясында туристік компаниялар өзара тәжірибе алмасып, болашақта бірігіп қызмет көрсетудің жолдарын талқылады.
«Қазір қос тарап осы мәселе бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен бірге бұл жобаға «Жібек жолы» бойында орналасқан өзге де мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. Болашақта олар да осы виза жүйесіне қосылатынына сенімдіміз. Бұл, әрине, өз кезегінде біздің шекарашыларымыз бен қауіпсіздік қызметтерінің тығыз байланыста жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан туристерге жағдай жасаумен қатар олардың қауіпсіздігіне кепіл болады»,- дейді Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов.
«Бұл визалық режим жуық арада қолданысқа енетін болса, онда бұл туристерге бір мемлекеттен екінші мемлекетке оңай өтуіне мүмкіндік береді. Әрине, Орталық Азия елдеріне саяхаттап келген шетелдік туристер Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерін көргісі келеді. Сондықтан «Жібек жолы» визасы сол туристер үшін жаңа елдерге жол ашады»,- деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Майнұр Мырзамадиева.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




