Атырау облысында 52 млн теңгенің мұнайы ұрланған
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында биыл 14 мұнай ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл ақпарат Атырау облыстық прокуратурасында өңірдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде айтылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқыру, сондай-ақ оларды заңсыз сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты 35 қылмыс тіркелген. Оның 18-і сотқа жолданған.
Биыл 6 айдың ішінде осы санаттағы қылмыстардың 14 фактісі тіркеліп, оның бесеуі сотқа жолданған. Анықталған қылмыстар бойынша 52 миллион теңге залал келтірілген.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




