Облыстық орыс драма театрының жаңа маусымы Ш.айтматовтың шығармасымен ашылды
Облыстық орыс драма театрының әртістері қазақ пен қырғызға ортақ тұлға, Халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы аясында оның «Ғасырдан да ұзақ түн» романының желісі бойынша әзірленген қырғыз қаламгері Сұлтан Раевтың «Найман ана» драмасын сахналады. Осы спектакльмен облыстық орыс драма театрының 52-маусымы ашылды. Қойылымның қоюшы-режиссері – Нұрлан Әбдіқадіров, қоюшы-суретшісі – Рахат Сапаралиева. Қойылым шөлейт даладағы Орта Азияның тоталитарлық жүйедегі елді мекендердегі жағдайларды, темір жол бойындағы халықтың тіршілігін сипаттаудан басталады. Оқиғаның желісі мемлекетке адал қызмет етпек ниеті бар ежелгі халықты түп-тамырымен жоюды көксегендердің іс-әрекетін сипаттайды. Сарыөзек даласын иемденгісі келген ірі тайпалардың қарапайым тұрғындарды адам төзгісіз тәсілдермен азаптауы ашық бейнеленген. Соғыстың ауыртпалығына қарамай, жаудың даласына аяқ басқан ананың басынан кешкен қиындығы, баласына деген махаббаты баяндалады. Олар Найман ана бейнесі арқылы өз ұлттарының туын құлатпай, сақтап қалады. Қойылымды көріп отырып барлық ана баласы үшін осындай азапқа төзе алады деген ойға қаласың. Қойылымда Найман ана рөлін Галина Соколова, тәлімгер Сәбиттің рөлін Бекназар Ізбасаров, аналардың рөлін Елена Козаченко, Нұрғайша Ибаділдаева, Эльмира Аққұлиева, мәңгүрттің рөлін Әділет Құлмырзаев шеберлікпен ойнап шықты. Соңынан көрермендер әртістерге деген құрметтерін білдіріп, қошемет көрсетті. Спектакльден кейін Сұлтан Раев сөз сөйлеп, тараздықтарға деген ризашылығын білдіріп, осы өңірде Шыңғыстың білім алғанын айтып, орыс драма театры ұжымына сый-сияпатын тапсырды. Өз кезегінде облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев сөз алып, орыс драма театры әртістерінің шеберлігіне, Шыңғыстың адамзатқа ортақ тұлға екеніне тоқталып, қырғыз драматургі Сұлтан Раевқа алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. Қоюшы-режиссер Нұрлан Әбдіқадіровқа, қоюшы-суретшісі Рахат Сапаралиеваға да ризашылығын жеткізді.
Е. Жаңабайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді