«Әміре» фильмінің операторы Грузиядағы фестивальде арнайы жүлде алды
- author «Ақ жол»
- 2 қазан, 2018
- 235
Естеріңізге сала кетейік, биылғы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясы түсірген.
Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa). Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) пен Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.
Инновациялық технологиялардың халықаралық қоры ұйымдастырған ең танымал іс-шаралардың бірі - Golden Eye («Алтын көз») кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді