Жаңалықтар
Астанада этноүлгідегі киімдердің халықаралық марафоны өтеді
- author «Ақ жол»
- 2 қазан, 2018
- 642
Астанада этноүлгідегі киімдердің халықаралық марафоны өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада II Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап. Шара ұйымдастырушысы - Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мәліметінше, марафон мақсаты - этноүлгі бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру. II Халықаралық этникалық сән марафонына жас дизайнерлер, құрылымдаушы-сәнгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары және кәсіби техникалық оқу орындарындағы студенттер, этномәдени бірлестіктер мен бизнес өкілдері, сондай-ақ кез келген қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.
Сәндік марафон аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қолөнершілердің шеберлік сабақтары өткізіледі.
Атап өтілгендей, ұлттық киімдер көрсетілімі екі топқа бөлінген: күнделікті және сахналық. Дизайнерлерге өз туындыларын таныстыруға 10 минут беріледі.
Марафон жеңімпаздары бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




