Жаңалықтар
Үш күн бойы үйінділер астында қалған бірнеше адам құтқарылды
- author «Ақ жол»
- 2 қазан, 2018
- 312
Үш күн бойы үйінділер астында қалған бірнеше адам құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның төтенше жағдайлар қызметі үш күн бойы жер сілкінісі салдарынан қираған үйінділер астында қалған бірнеше адамды құтқарды, деп жазады Jacarta Post газеті.
Жұма күні Сулавеси аралы жағалауында Палу қаласына жақын маңда магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды.
Бұдан кейін осы аумақта тағы бір магнитудасы 7,4-ке тең жер сілкінді.
Іздеу-құтқару басқармасының (Basarnas) хабарлауынша, Нурул есімді әйелді дүйсенбіге қараған түні Палудағы Балароада ауданы аумағында тұрғын үй кешені үйінділерінің астынан шығарып алған. Тағы бір Алфрида есімді зардап шеккен жанды қираған мейрамхана астынан тапқан.
Мәліметтерге қарағанда, апат болған аудандардан тағы бірнеше адам құтқарылған.
Қазіргі таңда жер сілкінісі құрбандарының саны 1,2 мың адамнан асып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді