Әлішер Кәрімов жанкүйерлеріне дауыс беруді өтінді
Бұл күндері Юрмалада «Жаңа толқын - 2014» байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов твиттерде смс-дауыс беруді өтініп, жанкүйерлеріне хабарлама жазды.
«Достар! Қолдау білдіргендеріңе рахмет! Мен Отанымнан алыста болсам да, мұны қатты сезіндім. Мына фотода смс-дауыс беру үшін мәтін мен нөмір бар. Әділқазылар мүшелерінің бағалауынан тыс көрермендердің дауысы да аса маңызды. Иншаллах! Жеңісті күндерде жолығайық! Көп рахмет». Әнші әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға осындай өтінішін білдірді.
Жауап ретінде Ә. Кәрімовтің жанкүйерлері оған белсенді дауыс беретіндерін айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, байқау шеңберінде көрермен көзайымы жүлдесіне дауыс беру басталды. Ол 23-27 шілде аралығында өтеді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




