Жаңалықтар
Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы күресте аспириннің пайдасын дәлелдеді
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2018
- 630
Ғалымдар қатерлі ісікке қарсы күресте аспириннің пайдасын дәлелдеді
Аспиринді аз мөлшерде пайдалану қатерлі ісікті емдеуге көмектеседі, - деп хабарлайды MedicalXpress.
Кардифф университетінің ғалымдары түрлі онкологиялық ауруға шалдыққан 520 мың науқастың ауру тарихын зерттеген, олардың жартысы ішек, сүт немесе қуықалды безі қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Олар аспирин қабылдау науқастардың өлім-жітім көрсеткішін 20-30 пайызға төмендетіп, сонымен қатар рак клеткаларының басқа мүшелерге тарау ықтималдығын айтарлықтай төмендеткенін анықтады.
Аспириннің оң әсері онкологияның жиі таралған түрлерімен қатар сирек түрлерінде де байқалған.
Зерттеулер тек бақылау негізінде жүргізілгендіктен ғалымдар шектеулі сипатты ғана көрсетеді. Сарапшылар онкологияға шалдыққан ағзаға препараттың әсер ету механизмін анықтау қажет екенін айтты. Сонымен қатар, мамандар кез келген дәрі-дәрмекті қоланбас бұрын дәрігермен кеңесу маңыздылығын еске салды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




