Жаңалықтар
Қазақстандық боксшы Ержан Залилов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2018
- 615
Қазақстандық боксшы Ержан Залилов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Ержан Залилов кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы боксшы өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы - 38 жастағы ресейлік боксшы Александр Салтыков болатын. Жекпе-жек Ресей астанасы Мәскеуде өтті. Кездесу 8 раунд деп жоспарланған болатын. Алайда, төртінші раундтан кейін Салтыков айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық 11-ші мәрте жеңіске жетті. Оның бесеуі - мерзімінен бұрын жеткен жеңістер.
Одан бөлек, Залилов бокстағы мансабында бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен болатын. Ал Салтыковтың қоржынында 12 жеңіс, 55 жеңіліс бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




