Жаңалықтар
Елорданың мектеп оқушыларына жолақы жеңілдігі тағы да ұзартылуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2018
- 554
Елорданың мектеп оқушыларына жолақы жеңілдігі тағы да ұзартылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясы қалалық қоғамдық көліктерде оқушыларға арналған жолақысын 40 теңге көлемінде төлеу уақытының ұзартылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тасымалдаушылардың шешімімен 1 қазанға дейін ұзартылған болатын. Дегенмен, бұл мәселе тағы бір мәрте қаралмақ. Себебі, 161 мың оқушыға 130 мың мектепке арналған жол жүру билеті берілген. Оның ішінде 22 мың бірінші сынып оқушысының 7 мыңнан астамы ғана алған. Бұл мәселе төңірегінде дүрбелең тумауы үшін оны үнемі бақылауға алып отырмыз және 1 қазанға дейін уақыт берілген. Таяу уақытта нақтылайтын боламыз және мерзім ұзартылуы да ықтимал», - деді - «Астана LRT» ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек, бұған дейін де елордада оқушыларға қоғамдық көліктерде жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Алайда, барлық оқушылардың бірдей жол жүруге арналған карта алмауына байланысты қоғамдық көліктің жол ақысына жеңілдік 1 қазанға дейін ұзартылған еді.
kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




