WSB финалы: Бірінші кездесуде кубалықтар алға шықты
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2018
- 590
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда WSB сериясы аясында өтіп жатқан "Астана арландары" мен "Куба Домадорес» командасы арасындағы финалдық кездесудің алғашқы күні кубалықтардың мерейі үстем болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін шаршы алаңда бес жұп жекпе-жекке шықты. Оның екеуінде "Арландардың мерейі" тасыса, үш жекпе-жекте "Куба Домадорес» командасының бәсі жоғары болды. Шаршы алаңға бесінші болып шыққан отандасымыз Нұрбол Алтаев (91 келі) қарсыласы Эрисланди Савоннан ұпай санымен ұтылды.
Осылайша финалдық кезеңнің бірінші күні кубалықтар 3:2 есебімен алға шықты.
Енді екінші кездесу 28 қыркүйек күні өтеді. Онда тағы бес жұп шаршы алаңға шығады. Екі кездесудің жалпы есебі бойынша жеңімпаз команда белгілі болады.
28 қыркүйек шаршы алаңға мына боксшылар шығады:
52 келі: Сәкен Бибосынов - Хорхе Гриньян;
60 келі: Закир Сафиуллин - Лазаро Альварес;
69 келі: Асланбек Шымбергенов - Рониэль Иглесиас;
81 келі: Бек Нұрмағанбет - Хулио Ла Круз;
91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Хосе Лардует.
Екі кездесуден кейінгі командалар арасындағы жекпе-жектер тең аяқталған жағдайда 64 келі салмақтағы боксшылар қосымша жекпе-жекке шығады. Бұл салмақта Бекдәулет Ибрайымов бар.
kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




