Жаңалықтар
ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бірқатар мәлімдемелер қабылдады
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2018
- 318
ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері бірқатар мәлімдемелер қабылдады
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңдарында Қазақстан төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мүше елдерінің сыртқы істер министрлері деңгейінде дәстүрлі жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-сессиясының күнтәртібіндегі, соның ішінде ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, терроризмге қарсы күрес және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, биылғы жылдың қарашасында Астана қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық мәселелері талқыланды.
Қатысушылар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ахуалды тұрақтандыру, Ауғанстандағы жағдай және ҰҚШҰ-ның аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейту жөніндегі бірлескен мәлімдемелер қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді