«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мәресіне жетті
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2018
- 297
«Абылай ханның қара жолымен 4300 шақырым жол жүрдік. Қазақтың талай бір қасиетті де, киелі жерлерін басып өтіп, Түркістанға бардық. Жол бойы экспедиция мүшелерін жергілікті жердің халқы мен ел ағалары, басшылар қуана қарсы алып отырды», -деді экспедиция жетекшісі Мұрат қажы Ыдырысұлы.
Қыркүйектің 17-сі күні Абылай хан Үш жүздің басын қосқан Бурабайдан бастау алған экспедиция Қорғалжын, Нұраны бойлап, Ұлытау, Қызылорда арқылы көне Сығанақ және Сауран қалаларының ашық аспан астындағы мұражайларында, қасиетті Түркістанда болып, қайтып оралды. Экспедиция қорытындысы бойынша Абылай мен оның заманы туралы жиналған материалдардан ғылыми мақалалар мен жинақтар шығару жоспарда бар. «Абылай ханның қара жолы» атты көркем фильм де түсірілмек. Оған қоса, Ақмола облысы және Көкшетау қаласының табиғи және топонимдік ланшафтын қолдана отырып жиналған, елімізде теңдесіз топографиялық карта құрастырып, шығару жоспарда бар.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді