«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жылыту маусымы жақын қалды

Жылыту маусымы жақын қалды
ашық дереккөз
Жылыту маусымы жақын қалды

ал көп қабатты үйлер оған дайын ба?

Облыстың Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларындағы барлығы 1603 көп пәтерлі тұрғын үйдің 1475-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Бүгінгі күні Тараз қаласы мен аудандардың берген мәліметтеріне қарағанда, олардың 1436-сы жылыту маусымына сақадай сай әзір етілген. Жалпы көрсеткіш 97,4 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 39 үйдің жертөлелеріндегі жылу, суық су, кәріз жүйелеріндегі ішінара орын алған ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін барлық үйді толықтай жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Көп пәтерлі үйлерді қысқы маусымға дайындау кезінде, міне, осындай үйлердегі тозығы жеткен инженерлік жүйелердің едәуір кедергі туындататыны белгілі. Сондықтан да олар бірінші кезекте жөндеуден өткізілуге тиіс. Алайда биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеуіне байланысты жөндеу жұмыстары қайтарым қаражаттары есебінен жүргізілуде. Соның нәтижесінде жөндеуді қажет ететін үйлер толық қамтылмай қалуда. Еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 2011-2017 жылдар аралығында облыс бойынша жалпы сомасы 3 374,036 миллион теңгені құрайтын қаржы есебінен барлығы 241 үй жөндеуден өткізілген екен. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа Тараз қаласында 132, Жаңатас қаласында 6, Қаратау қаласында 15, Шу қаласында 19, ал қайтарым қаражаты есебінен 2013-2017 жылдар аралығында 69 үй қайта жаңғыртудан өтті. Ағымдағы жылы жоғарыда аталған бағдарлама аясында бұл мақсатқа республикалық бюджеттен ешқандай да қаржы бөлінген жоқ. Осыған байланысты, 535,5 миллион теңге көлеміндегі қайтарым қаражаты есебінен 19 үйде (оның ішінде Таразда – 16, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында бір-бір үйден) жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда Тараз қаласы әкімдігінің жергілікті бюджет есебінен 150 миллион теңге қарастырып, 6 көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтығанын атап өту ләзім. Келесі жылға 58 көп пәтерлі тұрғын үй үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, республикалық бюджеттен шамамен 2 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінуіне өтінім дайындалуда.

Ағабек МЫРЗАБЕКОВ, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар