«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Екінші күн. Жерлесіміз Әлішер Кәрімов 4-орынға табан тіреді

Екінші күн. Жерлесіміз  Әлішер Кәрімов 4-орынға табан тіреді
ашық дереккөз
Екінші күн. Жерлесіміз Әлішер Кәрімов 4-орынға табан тіреді

Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан «Жаңа толқын – 2014» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан әнші Әлішер Кәрімов сайыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша 4-орынға табан тіреді. Бұл күнгі сайыс талабы бойынша қатысушылар танымал әншілермен бірге ән шырқауы тиіс болды. Әлішер осыған орай “Жаңа толқынның” 2010 жылғы жеңімпаздарының бірі украиналық Татьяна Ширкомен бірге “Исповедь любви” әнін шырқады. Танымал продюсер Игорь Крутой төрағалық еткен қазылар алқасы Қазақстанның атынан сынға түскен Әлішерге екі күннің нәтижесі бойынша 143 балл берді. Ол байқаудың алғашқы күні 73 ұпайды еншілеген еді. Үшінші күнгі сайыс “Премьералар күні” деп аталады. Онда қатысушылар жаңа әндерді орындауы керек. Әлішер көпшіліктің назарына “Әрине” атты әнін қазақ және орыс тілінде ұсынады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар