Сен арқылы тілдесемін ғаламмен
Туған жердің тілі және құлағы, Жаңалықтың сарқыраған бұлағы. Жамбылымның «Ақ жол» атты газеті Ақиқаттың алтын арай шырағы.
Тарихымның шежірелі сыры бар, Жұрт назары дәйім саған бұрылар. Жазылбектің, Бауыржанның рухы мен Сенде Кенен, Жақсылықтың жыры бар.
Сын сағатта қамын ойлап халықтың, Әділеттің сара жолын таныттың. Жас өскінді арман-тауға жетелеп, Бойларына қайрат-жігер дарыттың.
Сен арқылы тілдесемін ғаламмен, Сен арқылы қауышамын даламмен. Сен арқылы тау мен өзен, орманнан, Сан ғажайып тың деректер алам мен.
Сен ыстықсың құшағындай анамның, Сен қымбатсың дидарындай баламның. Қағбасы боп көрінесің сен маған, Сөз семсері қасиетті ҚАЛАМНЫҢ!!!
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





