Жаңалықтар
Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
- author «Ақ жол»
- 21 қыркүйек, 2018
- 611
Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қазіргі қызметі және мемлекеттік бағдарламалардың аудиті, сондай-ақ өңірлердегі тексеру комиссияларына көрсетіліп жатқан әдістемелік қолдау жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қаржысын тиімді игеруді және оның қолды болуына жол бермеуді қамтамасыз ету ісіндегі Есеп комитетінің маңызды рөлін атап өтті.
– Есеп комитеті – мемлекет қаржысының орынды игерілуін және бюджеттің атқарылуын тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететін маңызды орган. Қаражат тек көзделген мақсатқа бөлінуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Н.Годунова «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аудит жүйесін әлемдік стандарттарға сай жаңғыртудың барысы жөнінде баяндады.
– Қазіргі уақытта Есеп комитеті өз жұмысында қаржыға қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау тәжірибесінен гөрі тиімділікті бағалауға басты мән беріп отыр. Біз қаржылық құқық бұзушылыққа негіз болатын себептерді анықтау ісінде аудит нысандарына қолдау көрсетеміз және тиісті ұсынымдар береміз, – деді Есеп комитетінің төрайымы.
Сонымен қатар, Н.Годунова Қазақстан Президентіне мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына аудит жүргізу және республикалық бюджетті жоспарлау кезіндегі алдын ала бағалау жұмыстары жөнінде баяндады.
akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




