Жаңалықтар
Теннис: Зарина Дияс Токионың негізгі турниріне жолдама алды
- author «Ақ жол»
- 16 қыркүйек, 2018
- 654
Теннис: Зарина Дияс Токионың негізгі турниріне жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Токионың негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлемдік рейтингте 65-інші орында тұрған З.Дияс іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда жапониялық, әлемнің 314-інші ракеткасы Мияби Инуэні 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін финалда рейтинтге 318-інші сатыдағы тағы бір жапониялық Риса Одзакиді 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Зарина Диястың Токионың негізгі турниріндегі қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін З.Диястың Хиросима турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз. Бұл жарыста финалда америкалық 17 жасар Аманда Анисимованы жеңген Қытайлық Тайбэйдің өкілі Се Шувэй чемпион атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




