Қазақстан халқының Генаға деген махаббаты еш суымайды - Мұхамедиұлы
- author «Ақ жол»
- 16 қыркүйек, 2018
- 711
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді қолдап, хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге салайық, бұдан соң, Сауль орта салмақта WBA/WBC/IBO белбеулерінің иесі атанды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді қолдап хат жолдады.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және өз атымнан саған осындай жарқын кездесуің үшін алғыс білдіргім келеді. Спортта барлығы мүмкін, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Қазақстан халқының өз батыры Генаға деген махаббаты еш суымайды. Сен бүкіл әлемге Қазақ боксының әлеуетін дәлелдедің. Бізбен бүгінде тек әуесқой рингте ғана емес, сондай-ақ кәсіби алаңда да әлем боксшылары санасады. Сенің кәсіби мансабыңда жарқын жеңістер болды әрі болады да. Сен біздің мақтанышымызсың.
Мен саған зор денсаулық, отбасыңа береке мен кәсіби рингте бұдан әрі де табыстар тілеймін!!!», - деп жазған хатында Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




