Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Альварестен жеңілген Головкин тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114. "Мен жекпе-жекте кімнің жеңгені туралы айтпаймын, себебі төрешілердің шешіміне сәйкес жеңіс "Канелоға" тиесілі. Жанкүйерлер үшін өте тамаша жекпе-жек болды деп ойлаймын. Мен оған қарағанда мықты жұдырықтасамын деп ойлағанмын", - деді Головкин. Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайынсың ба деген сұраққа ол: "Дұрыс жағдай жасалса - иә", - деп жауап берді.
Альварес те Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, мексикалық боксшы екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірше содан ләззат алғысы келетінін жеткізді.
tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




