«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Заманауи технология заң жүйесінде

Заманауи технология заң жүйесінде
ашық дереккөз
Заманауи технология заң жүйесінде

Жоғарғы Сот «Сот кабинеті» электрондық сервисі бойынша бейнеконференция арқылы республика көлемінде онлайн түріндегі дөңгелек үстел отырысын өткізді. Оған Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов төрағалық етті.

Оған онлайн арқылы әр облыстағы соттардың кеңсе басшылары, ақпараттық технологияларға жауапты мамандар, адвокаттар, заңгерлер қатысты. Ауқымды жиында заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану үшін түсіндірме жұмыстары талқыланып, оның ішінде «Сот кабинеті» электрондық сервисі ерекше атап өтілді. «Сот кабинеті» сервисі электронды өзара іс-қимыл арқылы сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жоба. Ол арқылы өтініш, арыз-шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу мен мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі, кез-келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен танысып, сот актісін басып шығару сияқты тағы басқа тұтынушыға ыңғайлы операцияларды іске асыруға болады. Бір атап өтерлігі, сот отырысы хаттамасының сапасын арттыру мақсатында барлық соттарда сот процесін аудио, бейне тіркеу жүйесі енгізілуде.

Жәния Байсеитова, облыстық соттың баспасөз қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар