Сальвадордың экс-президенті 10 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сальвадордың бұрынғы президенті Антонио Сака ақша бопсалады және мемлекеттің 300 млн АҚШ долларына жуық қаражатын жымқырды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Сака әр айыптау бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. Бұдан тыс, сот оны 260 млн долларды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.
Бұрынғы президентпен бірге оның үкіметінің алты мүшесі де сыбайлас жемқорлыққа қатысқаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
Экс-президент өткен айда түрме мерзімін қысқартуға үміттеніп, сот тағып отырған айыптарды мойындаған еді.
Орталық Америкадағы республиканы 2004-2009 жылдар аралығында басқарған Антонио Сака 2016 жылдың қазанында өз ұлының үйлену тойында ұсталған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді