Жамбылда полиция ұрланған мүлікті сатып алушыларға қарсы күресуде
- author «Ақ жол»
- 13 қыркүйек, 2018
- 598
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында бір айда 21 автокөлік аккумуляторының ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Полицейлер бизнесмендерге заңды бұзған тұлғаларға қандай жазалар қолданылып, іс насырға шапса, тіпті бас бостандығынан айырылатыны ескертілді. Қазіргі жағдайды ескере отырып, жамбылдық полицейлер ұрланған затты алып сатушыларға қарсы ымырасыз күрес жарияланды», - дейді тәртіп сақшылары.
ІІД өкілдерінің айтуынша, автомобиль қосалқы бөлшектерінің арасында аккумулятор ұрлығы жиі кездеседі. Тек тамыз айында 21 аккумулятор ұрлығы тіркеліп, соның 18-і ашылған.
Атап айтқанда, 23 тамызда Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жүк көлігінің 7 аккумуляторын ұрлаған Алматы облысының екі тұрғынынан құралған қылмыстық топ ұсталды.
Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылдың алты айында Жамбыл облысында Криминальдық полиция басқармасының қызметкерлері көліктің қосалқы бөлшектерін, автомобильден жеке бұйымдарды ұрлауға қатысты 19 қылмысты ашқан. 2017 жылы осындай 92 факті ашылған. Статистикаға жүгінсек, автомобильден негізінен, аккумулятор, магнитола, ұялы телефондар жиі ұрланады.
Иллюстрациялық фотоҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




