Елордада орналасқан бір бөлмелі пәтерге 50 мекеме тіркелген. Астана қаласы бойынша салық департаменті ол пәтердің иелері алдағы уақытта коммуналдық шығындарды заңды тұлға ретінде төлейтіндігін ескертеді. «Заңды тұлғаларды тіркейтін кезде кейбіреулер бір мекен-жайға бірнеше компанияны тіркетіп қояды. Мәселен, бір бөлмелі пәтерге 50 мекемені тіркеткен жағдайлар орын алған» делінген департамент өкілдері таратқан хабарламада. Салық органы мамандарының айтуынша, мұндай қадамға сенімсіз салық төлеушілер барады. Олар салық төлеуден осылайша жалтарып, мемлекетті үлкен шығынға ұшыратады. Сонымен қатар, көшіп жүретін компаниялар да салықтан жалтару үшін мекен-жайын көпқабатты тұрғын үйлерге тіркей салатын көрінеді. Бүгінде Астанада мекемелердің 61 пайызы көпқабатты тұрғын үйлерге тіркелген. Ал, пайда табу мақсатында пәтерлеріне осындай компанияларды тіркете беретін азаматтар салықтан жалтаратын компаниялармен ауыз жаласып, өздеріне деген сенімсіздікті де арттырады. Енді бұл келеңсіздікті болдырмау үшін салық органының өкілдері пәтер иелері кооперативімен бірлесіп жұмыс істемек. Яғни, пәтеріне компанияны тіркеткен азаматтардан коммуналдық төлемдер тұрғын-үй ретінде емес, бизнес орталығы ретінде алынады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді