Жаңалықтар
Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық жобаға қатысады
- author «Ақ жол»
- 12 қыркүйек, 2018
- 683
Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық жобаға қатысады
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Hunan TV телеарнасының «PhantaCity» жаңа музыкалық телешоуында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Hunan TV-ның Вейбо парақшасындағы мәліметтерге сәйкес, «PhantaCity» музыкалық телешоуының сегізінші кезеңі бойынша түсірілім жұмыстары 15 тамызда басталған. Ол 14 қыркүйекте эфирден көрсетіледі.
Отандасымыз бұл жобада «Restart My Love» әнін шырқайды.
Айта кетейік, «PhantaCity» - бұл 12 кезеңнен тұратын музыкалық телешоу. Жобаның әр кезеңінде 4 әнші және кино актері орындаушы ретінде шақырылып, 32 күн дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Өнерпаздар 4 түсірілім тобымен бірге 8 минуттық қысқа музыкалық бейнебаян жасайды. Түсірілім барысы көрермендерге тікелей экраннан көрсетіліп, ән жанды дауыста орындалады. Әнші әнді орындаумен қатар, сценарий бойынша актерлік шеберлігін көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, әр орындаушы үшін тек бір рет ғана өнер көрсету мұмкіндігі берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




